Панорама" КБ-да Astra Linux, CentOS, Ubuntu, MS Windows операциялық жүйелері үшін 6.4.0-нұсқалыGIS WebServer SE әзірленген. Жаңа нұсқада берілген желі бойынша жердің бедерін тұрғызу мүмкіндігі қосылған. Профильді тұрғызу жер бедерінің моделі бойынша орындалады, режим картаның терезесінде график түрінде нәтижені бейнелейді. Графиктің вертикаль осі метрмен жердің бедерінің абсолютті биіктігінің белгілерін қамтиды. Қосымшаның пайдаланушыларын авторизациялау механизміне нысанмен түпнұсқалығын тексеру режимі қосылған. Жаңа режим тіркелген пайдаланушылардың аутентификациясын орындайды, жаңа пайдаланушылардың тіркеулік жазбаларын жасайды, пошталық хабарламаларды жіберу арқылы пайдаланушының құпиясөзін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Түпнұсқалығын тексеру типін таңдау әкімшілендіру модулінде орындалады. "Жүру бағдарлары" және "Картаның нүктеге орын ауыстыруы", "Карта редакторы" компоненттері қосылған.
Жаңа нұсқада GIS WebServer SE мүмкіндіктерін кеңейтетін және басқа ақпараттық жүйелерге кіріктірілуі мүмкін болатын GIS WebToolKit SE Web-қосымшаларын әзірлеу инструментарийі жетілдіріліп аяқталған. Деректерге (суреттерге, векторлық карталарға және жердің бедері туралы ақпаратқа) қолжетімділікті жалпы қабылданған OGC хаттамалары мен ISO стандарттары бойынша Web-сервистер ұсынады. Бедердің сандық моделі ретінде биіктіктік деректерінің әртүрлі түрлері пайдаланылады: матрицалар (SRTM, GeoTIFF, IMG, MTW), TIN-модельдер, нүктелер бұлты және басқалар.
Кеңістіктік деректер көзі ретінде Сандық карталар деректері мен ЖҚЗ банкі болуы мүмкін. Ол алмасу форматтарындағы кеңістіктік деректерді жинауды, сақтауды, іздеуді және беруді, деректер банкінің күйін схема-карталар түрінде бейнелеуді, геожабындарды автоматты түрде қалыптастыруды және жаңартуды қамтамасыз етеді.
GIS WebServer SE құпиялық таңбасы немесе коммерциялық құпиясы бар деректердің қорғауын қамтамасыз етумен жабық корпоративті жүйелерді тұрғызу кезінде қолданылады. GIS WebServer SE декларацияланбаған мүмкіндіктердің жоқтығын бақылаудың 2 деңгейі бойынша ақпараттың қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді. Бағдарламаның жаңа нұсқасы аумақтардың дамуын талдау, басқару және келешекетгі даму міндеттерін шешу кезінде қосымшаның мүмкіндіктерін кеңейтеді. GIS WebServer SE JavaScript-ті пайдаланатын әзірлеу құралдарында қолданыла алатын GIS WebToolkit SE инструментарийін пайдалану арқылы іске асырылған.
Бағдарламаның жаңа нұсқасы сайтта Жүктеу бөлімінде орналастырылған.
"Кеңістіктік деректер банкі" геопорталы OpenStreetMap деректері бойынша қалыптастырылған Швеция Патшалығының картасымен толықтырылды. Бастапқы деректер Geofabrik сайтынан алынды. Карталармен жұмыс істеу үшін Панорама Мини ГАЖ бағдарламасын немесе "Панорама" КБ-ның басқа бағдарламалық өнімдерін пайдалануға болады.
Карталар 1:5 000 масштабтағы (map5000m) ірі ауқымды жоспарлардың жаңғыртылған сыныптауышына келтірілген. Кеңістіктік деректер банкінде жаңартуларды орналастыру Сандық карталардың деректерінің және ЖҚЗ деректерінің банкі бағдарламасының көмегімен орындалған. Кеңістіктік деректер банкінің ішіндегісін геопорталда жариялау және жүктеу үшін деректерге қолжетімділік GIS WebServer SE құралдарымен іске асырылған.
OpenStreetMap деректерінің негізіндегі тегін карталар "Сандық карталар" бетінде жүктеу үшін қолжетімді.
"Панорама" КБ-да 14.2-нұсқалы "Оператор" ГАЖ әзірленді. Бағдарламаның жаңа нұсқасында "Растрлық деректер импорты" тапсырмасында MrSID (SID, NTF) және ERDAS (ECW, JP2) форматындағы графикалық файлдардың импорты қосылды. Форматтар қысылған растрлық графикаларды сақтау үшін қолданылады. Аэрофототүсірілім және жерсеріктен түсірілген суреттер сияқты қапталған орасан үлкен MrSID растрлық кескіндері бүтін файлды ашу қажеттілігісіз бөлшектер бойынша жылдам қаралуы мүмкін.
Интернет желісіне қосылған қашықтағы бейнекамералардан бейне ағындарды нақты уақытта қарап шығу мүмкіндігі қосылған. Бейнекамералардың орналасуы жергілікті жердің картасында, объектінің жоспарында, қорғалатын аумақта, үш өлшемді модельде әртүрлі шартты белгілердің (объектілердің) көмегімен белгіленуі мүмкін. Егер камера көлік құралында бекітілген болса, объектілер жылжымалы болуы мүмкін. Объектілер семантикасында бейнеағынға url-сілтеме немесе камераның ір-мекенжайы көрсетіледі. Бейнекөріністі қарап шығу үшін картада объект-камераны таңдау керек. Бағдарлама бейнедерекдің әртүрлі көздерінен нақты уақыт режимінде бейнені бір мезгілде қарап шығуға мүмкіндік береді. HTTP және RTSP деректерді жіберу хаттамалары қуатталады. Бейнекамераға қосылуды теңшеу "Объектіні таңдау" диалогының "Семантика" бетбелгісінде орындалады. Бейнеағындармен геодеректерді интеграциялау қорғаныс позициялары күйінің мониторингі жүйелерін, бағандар қозғалысын басқару жүйелерін, қорғау жүйелерін және басқаларды құруға мүмкіндік береді.
"Карта редакторы" тапсырмасында "Графикалық объектілер" панелінде "Кестені түсіру" режимі жете аяқталды. Кестенің файлына сілтемені (csv, txt) таңдағаннан кейін кестенің көрінісі мен параметрлерін жасау мен өңдеу кезінде осы файлдан деректерді бейнелеу қосылған. Әрбір жаңа объектіні құрған кезде өзінің csv-файлына сілтемені таңдауға болады. Таңдалған csv-файл қажет болған кезде Кесте типті объекті құрылатын картаның каталогының \csv қосалқы каталогы көшіріледі.
"Картаны басып шығару" тапсырмасы жете аяқталды. Басып шығарылатын аумақты JPG, PNG, TIF және PDF графикалық файлдарына парақтап сақтау мүмкіндігі қосылған. JPG, PNG, TIF форматтарына сақтаған кезде таңдалған беттер санына сәйкес келетін файлдар саны қалыптасады. Файлдың аты файлдың атауын және беттің нөмірін қамтиды, мысалы, noginsk_1.jpg. PDF-те сақтаған кезде бір көпбеттік құжат қалыптасады.
"ТЖ болжау" қолданбалы тапсырмасы жете аяқталды. Тапсырманың жаңа нұсқасында ТЖ-ның болжанатын аймақтарын кеңістіктік модельдеу апаттың эпицентріне осьтік меридианды орнатумен WSG-84 эллипсоидында UTM проекциясында орындалады, содан кейін әлдеқашан дайын нәтиже пайдаланушы есептеуді орындаған картаның проекциясына түрлендіріледі. Мұндай амал бастапқы картаның проекциясының параметрлерімен қамтамасыз етілген бұрыштық шамалар мен қашықтықтардың қателіктерін барынша азайту есенбінен ең нақты деректерді алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте ТЖ аймақтарының объектілер контурларының тіке сызықты кесінділеріне осы кесінделердің жоғары сапалы түрлендіруі және оларды мақсаттық картада доғаларға айналдыру үшін метриканың қосымша нүктелері қосылады. Көрсетілген түзетулер биіктіктер матрицасы бойынша есептелетін сұйықтықтың төгілуімен байланысты ТЖ болжаудың есептелген тапсырмаларына қатысты емес. Осы модельдер үшін есептеу биіктіктер матрицасы үшін орнатылған тура сол проекцияда жүзеге асырылады. Модельдеудің нәтижелері бойынша картада ақпаратты шығару зақымдау аймақтарының семантикаларын толтырумен, апаттардың эпицентрлерін түсірумен және эпицентрлердің қолтаңбаларымен толықтырылды. Химиялық қауіпті объектідегі ТЖ моделінің шығыс параметрлерінің тізбесіне "бұлтты тасымалдау жылдамдығы" параметрі қосылды.
ТЖМ мамандарымен бірлесіп бастапқы деректерді енгізу және модельдеудің нәтижелерін бейнелеу нысандарында жеке параметрлердің атауларын түзету орындалды. Координаттарды негізгі құжаттың координаттар жүйесінде емес бейнелеген кезде, мысалы, геопорталды қосқан кезде немесе Параметрлер мәзіріне проекцияның ағымдағы параметрлерін орнату кезінде координаттардың жанында <~> символы бейнеленеді.
"Карта бойынша есептеулер" тапсырмасында "Объектілердің қиылысуы" режимі жете аяқталды. Объектілер ауданын бейнелеу бірліктерін таңдау үшін мүмкіндік және көрсетілген семантикаға объектілердің қиылысу ауданын жазу қосылған.
Бағдарламаның жаңа нұсқасын Жүктеу бөлімінде жүктеуге болады.
"Кеңістіктік деректер банкі" геопорталы OpenStreetMap деректері бойынша қалыптастырылған Бретань өңірінің (Франция) картасымен толықтырылды. Бастапқы деректер Geofabrik сайтынан алынды. Карталармен жұмыс істеу үшін Панорама Мини ГАЖ бағдарламасын немесе "Панорама" КБ-ның басқа бағдарламалық өнімдерін пайдалануға болады.
Карталар 1:5 000 масштабтағы (map5000m) ірі ауқымды жоспарлардың жаңғыртылған сыныптауышына келтірілген. Кеңістіктік деректер банкінде жаңартуларды орналастыру Сандық карталардың деректерінің және ЖҚЗ деректерінің банкі бағдарламасының көмегімен орындалған. Кеңістіктік деректер банкінің ішіндегісін геопорталда жариялау және жүктеу үшін деректерге қолжетімділік GIS WebServer SE құралдарымен іске асырылған.
OpenStreetMap деректерінің негізіндегі тегін карталар "Сандық карталар" бетінде жүктеу үшін қолжетімді.
"Растрлық деректерді импорттау""Панорама" КБ-да 14.2.0 нұсқалы "Панорама-редактор" кәсіби векторлағыш әзірленді. Жаңа нұсқада топографиялық карталарды автоматтандырылған жалпылау тапсырмасы жетілдіріліп аяқталды. "Арналардың көрінімділік шекараларын орнату" режимі әзірленді. Ол арналар желісін жеңілдетуге арналған. Желіні қарапайымдатуға картаның базалық және одан ұсақтау масштабтарында төмендетілген мәнді арналардың көрінімділігін өшіру көмегімен қол жеткізіледі. Арнаның маңыздылық дәрежесі арнаның типімен, ұзындығымен және оның басқа арналар мен өзендерге қатысты орналасу сипатымен анықталады. Бұл тапсырмада объектілердің екі санаты қарастырылады: басым және алып тасталатын объектілер. Көрінімділігі өзгермейтін объектілер басым болып табылады. Мұндай объектілерге өзендер жатады. Алып тасталатын объектілер – бұл көрінімділігінің жоғарғы шегі картаның базалық масштабына қатысты 1 деңгейге төмендетілетін объектілер. Мұндай объектілерге арналар жатады. Алып тасталатын объектілер келесі жағдайларда басым санатына ауысуы мүмкін: басым объекті алып тасталатынға жанасады; алып тасталатын объекті белгіленген минималды ұзындықтан (картада 10 мм) үлкен ұзындыққа ие, алып тасталатын объекті жақтауға жанасады.
Аудандық гидрографияны жалпылау процедуралары, сызықтық өзендер мен жолдардың көрінімділігін орнату жетілдіріліп аяқталды. Аудан бірлігіне құрылыстардың жоғары тығыздығы бар аймақтарда құрылыстардың ығысу мен іріктеу алгоритмі нақтыланды. Жол желісінің объектілерімен қиылысатын құрылыстарды арнайы өңдеу қосылды.
"Абсолютті биіктіктерді бақылау" тапсырмасының "Триангуляция бойынша" бейіндеу режимі жетілдіріліп аяқталды. Бақылау процесін тездету үшін өңдеу алгоритмі оңтайландырылды. Картаның объектілері бір рет оқылады, әр объект триангуляцияның барлық қырларымен бейінделеді. Жаңа алгоритм бойынша бақылауды орындау уақыты 3-5 есе азаяды. Биіктіктердің белгілерінің үлкен саны және изосызықтардың аз саны бар жазық рельеф үшін "Триангуляция бойынша" бейіндеу режимі көлденең және тік бағыттар бойынша биіктіктерді іздеу кезінде мүмкін болатын жаңсақтықтарды жоққа шығарады, бұл ақпараттық емес хабарламалардың санын азайтады және бақылау нәтижелерін талдауды жеңілдетеді. Триангуляцияның шыңдары мыналар болып табылады: нүктелік объекті (биіктіктің белгісі, МГЖ бекеті, кемер белгісі), абсолютті биіктігі бар аудандық объектінің метрика нүктесі (көл, су қоймасы), горизонталь метрикасының нүктесі.
"Объектілер метрикасын түзету" ("Қосалқы объекті" режимі) тапсырмасы жетілдіріліп аяқталды – қосалқы объектілер бір-бірінен Келісіу шегінен аспайтын қашықтықта орналасқан шартымен жалпы нүктесі бар сызықтық қосалқы объектілерді біріктіру мүмкіндігі қосылды. Шекті теңшеу диалогта орындалады, әдепкі қалпы бойынша шек картада 0.1 мм-ге тең. Операцияны орындау нәтижесінде біріктірілген контурлар метрикасымен қосалқы объектілер құрылады немесе қосалқы объектінің метрика нүктесі шарттарды сақтаған кезде негізгі объектіге қосылады. Берілген қадаммен сызықтық және аудандық объектілердің метрикаларын интерполяциялау мүмкіндігі қосылған. Процедура объектілер метрикасына объектінің жалпы геометриясын өзгертусіз берілген қадаммен жаңа нүктелерді қосу үшін арналған. Бұл, мысалы, ұсақ масштабты карталардың объектілерінің контурларын цилиндрлік проекциялардан конустық және азимуттық проекцияларға дұрыс түрлендіруге мүмкіндік береді.
"Векторлық картаның сапасын бақылау" тапсырмасы жетілдіріліп аяқталды. "Бедер объектілері мен биіктіктер матрицасының сәйкестігін бақылау" бақылаудың жаңа түрі қосылды. 3D метрикасы бар объектінің әр нүктесі үшін биіктіктер матрицасы бар болған кезде метрика нүктесінің үшінші координатасының мәнінің және матрицадағы биіктіктің мәнінің сәйкестігін тексеру орындалады. Егер үшінші координат объектінің метрикасында жоқ болса, онда объектінің семантикасының "Абсолютті биіктік" мәнінің және матрицадағы биіктіктің мәнінің сәйкестігі тексеріледі.
"Картаның редакторы" функционалдық мүмкіндіктері кеңейтілген. "Графикалық объектілер" панелінде "Кесте" типті графикалық объектіні жасау үшін "Кестені түсіру" режимі қосылды. "Автофигуралар" панелінде алаңдық пен сызықтық объектілер үшін "Фарватерді (ортаңғы сызықты) салу" режимі қосылды. "Кесу және тігу" панелінде "Сызықтық объектімен сызықтық объектіні жару" режимі қосылды. Тұйықталмаған да, тұйықталған да контурларды өңдеу қуатталады. Жаратын объектінің ішінде болып қалған редакцияланатын объектінің учаскелерін өңдеу мынадай үш режимде орындалады: кодты өзгертусіз сақтау, учаскелерді жою, кодтың өзгеруімен жазу.
Пернетақтадан енгізілген метриканың координаттары бойынша "Объектіні құру" режимі жете аяқталды. Жұмысты тездету үшін алмасу буферін (Ctrl+C, Ctrl+V пернелер тіркесімі) пайдалану арқылы координаттардың мәндерін көшіру және енгізу мүмкіндігі кеңейтілді.
Мәнмәтіндік мәзірдің тиісінше тармағын таңдау кезінде немесе "W" "ыстық" пернені басу бойынша белсендірілетін "Ең қысқа қашықтық бойынша байланыстыру" жаңа параметрін пайдалану арқылы сызықтық пен алаңдық объектіні құру режимі жете аяқталды.
"Объектінің типін өзгерту" және "Түрін өзгертумен объектінің көшірмесі" режимдерінде таңдалған объектінің немесе таңдалған объектілер тобының әрбір метрика нүктесі бойынша растрлық белгілерді жасау мүмкіндігі қосылды. Қайта кодтау операциясын орындаудың нәтижесі метрика координаттары таңдалған объектінің метрикасына сәйкес келетін нүктелік объектілер жиыны болып табылады.
"Картаны басып шығару" тапсырмасы жетілдіріліп аяқталды. Басып шығарылатын аймақты JPG, PNG, TIF және PDF графикалық файлдарына бет бетімен сақтау мүмкіндігі іске асырылды. JPG, PNG, TIF форматтарына сақтау кезінде таңдалған беттердің санына сәйкес келетін файлдар саны қалыптасады. Файлдың аты файлдың атауын және беттің нөмірін, мысалы, noginsk_1.jpg қамтиды. PDF-те сақтаған кезде бір көп беттік құжат қалыптасады.
Геодезиялық редактордың құрамына кіретін "Қабатты жоспарлар редакторы" тапсырмасының функционалды мүмкіндіктері кеңейтілді. Безендіру шаблондарын, мысалы, бұрыштама мөртабандарды жаңа құжаттар жасау кезінде оларды пайдалану мүмкіндігімен қалыптастыру құралдары қосылды. Қалыптастырылған құжатты JPG, PNG, TIF, PDF форматтарына көшіру қосылды. "Орнын ауыстыру" жаңа режимі қосылды, оның көмегімен тек объектілердің орнын ауыстырып қана қоймай, сонымен қатар олардың жоюын, метрика нүктелерін тордың түйіндеріне байланыстыруды, объектілерді бейнелеу тәртібін басқаруды және қолтаңбалардың қаріптерін өзгертуді орындауға болады. Арнайы қалқыма терезеде түсірілетін объектілердің өлшемдерін қолмен енгізу іске асырылған. Объектінің тораптарын редакциялау құралдары қосылды: кірістіру, жою, орнын ауыстыру. Объектілерді жасау және редакциялау кезінде өлшемдерді жылдам диалогсыз енгізу интерфейсі іске асырылған.
"Объектіні таңдау" диалогында "Файлдары бар бумаға сілтеме" типті семантиканы қосу және редакциялау мүмкіндігі іске асырылды. Семантиканың мәні әртүрлі форматтарда және бумаларда орналастырылған буманың атауы болып табылады. Таңдалған файлды екі рет шерту бойынша файлды тану мен өңдеудің тиісінше бағдарламасы іске қосылады. Құжаттарға, кестелерге және графикалық кескіндерге сілтеме жасаған кезде файлдың ішіндегісін бейнелеу орындалады, кеңістіктік деректерге сілтеме жасаған кезде ГАЖ-дың жеке терезесінде деректер жиынтығының ашылуы орындалады.
Геопорталдарды қосу тапсырмасы жетілдіріліп аяқталды. Ресей Федералды геологиялық қорының – пайдалы қазбалардың болуын көрсететін ҚМБ-ның есепке алу объектілері геопорталын қуаттау қосылды. Геопорталға мынадай 3 қабат кіреді: Көмірсутек шикізаты, Қатты отынды пайдалы қазбалар, Кең таралған пайдалы қазбалар. Росреестрдің геопорталын қуаттау жақсартылды. Таңдалған аумақтарға деректердің болуына сұратулар есебінен геопорталдардан деректерді бейнелеу жылдамдығы арттырылды. Векторлық ақпаратты бейнелеу жақсартылды, қолтаңбалар қосылды және векторлық тайлдарда "шығарындылар" түзетілді.
"Растрлық деректерді импорттау" тапсырмасы жетілдіріліп аяқталды. MrSID (SID, JPEG2000, NTF, ECW) форматындағы растрларды импорттау қосылды. MrSID форматы растрлық графиктерді сығу үшін қолданылады. Осы форматтың көмегімен аэрофототүсірілім және жерсеріктен түсірілген фотосуреттер сияқты қапталған орасан үлкен растрлық кескіндер бүтін файлды ашу қажеттілігінсіз бөліктері бойынша жылдам қаралуы мүмкін.
Бағдарламаның жаңа нұсқасы Жүктеу бөлімінде жүктеу үшін қолжетімді.