"Панорама" ГАЖ

Аэронавигациялық ақпарат құжаттарын дайындау кешені

Аэронавигациялық ақпарат құжаттарын дайындау кешені аэронавигациялық деректер базасын жүргізуге, ұшу, жақындау және қону бағытжолдарын жобалауға, аэронавигациялық жағдайды модельдеуге, аэронавигациялық карталарды қалыптастыруға және басқа ақпараттық жүйелермен ARINC424-19 мәтіндік форматында және AIXM 5.1 мен WFS2.0 метадеректер форматында деректер алмасуға арналған саймандар жиынтығы болып саналады.

Өнім келесі тілдерде іске асырылған: орыс, ағылшын.

Профессиональная ГИС Панорама

Форум Қалай сатып алу Соңғы нұсқасын
жүктеу
Құжаттаманы
жүктеу

Кешен ИКАО құжаттарының талаптарына сәйкес әзірленген:

  • Doc 8071 "Радионавигациялық құралдарды сынаулар бойынша нұсқаулық " I том. "Жербеті радионавигациялық жүйелерді сынаулар";
  • Doc 8168 "Pans-Ops. Әуе кемелерінің ұшуларын жасау (PANS-OPS) II том";
  • Doc 8697 "Аэронавигациялық карталар бойынша нұсқаулық";
  • Doc 8896 "Авиациялық метрология бойынша нұсқаулық ";
  • Doc 9137 "Әуежайлыққызметтер бойынша нұсқаулық. 6-бөлік. Кедергілерді бақылау";
  • Doc 9157 "Әуеайлақтарды жобалау бойынша нұсқаулық. 3-бөлік";
  • Doc 9157 " Әуеайлақтарды жобалау бойынша нұсқаулық. 4-бөлік. Визуалды құралдар";
  • Doc 9368 "Аспаптар бойынша ұшу схемаларын тұрғызу бойынша нұсқаулық";
  • Doc 9371 "Күту схемасы, кері схема және "ипподром" типті схема үшін үлгітүрлер бойынша нұсқаулық;
  • Doc 9713 "Халықаралық азаматтық авиация бойынша сөздік";
  • Doc 9906 "Ұшу схемаларын әзірлеу кезінде сапаны қамтамасыз ету бойынша нұсқаулық. I том. Ұшу схемаларын әзірлеу кезінде сапаны қамтамасыз ету жүйесі";
  • Dос 9184 "Әуежайларды жобалау бойынша нұсқаулық. 1-бөлік. Бас жоспарлау";
  • Doc 9643 "Параллель және параллель дерлік жабдықталған ҰҚЖ-ны (SOIR) бір уақытта пайдалану бойынша нұсқаулық";
  • ИКАО 14-қосымша Әуеайлақтар I том."Әуеайлақтарды жобалау және пайдалану";
  • ИКАО 15-қосымша. Аэронавигациялық ақпарат қызметтері. 16-басылым.";
  • ИКАО 6-қосымша "Әуе кемелерін пайдалану";
  • ИКАО 7-қосымша "Әуе кемелерінің ұлттық және тіркеу белгілері";
  • Аэронавигациялық ақпарат жинағының сипаттамасы (Specimen AIP incl. Amdt.2);
  • ARINC424-18 және ARINC424-19 сипаттамасы;
  • AIXM 5.1 сипаттамасы және деректер схемалары;
  • OGC WFS 2.0 арқылы AIXM 5.1-ді конвертациялау бойынша нұсқаулық (GuidanceforRetrieving AIXM 5.1 dataviaanOGC WFS 2.0);
  • Эксперименттік авиация әуеайлақтарының пайдалануға жарамдылық нормалары;
  • Азаматтық әуеайлақтарының пайдалануға жарамдылық нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемелері;
  • Аймақтық навигация әдістерін пайдалану кезінде маршруттағы және әуеайлақ ауданындағы ұшу схемаларын тұрғызу бойынша нұсқаулық;
  • Аэронавигациялық ақпарат жинағының сипаттамасы (Specimen AIP incl. Amdt.2);
  • Книга "Самолетовождение". Черный М. А., Кораблин В. И. Изд-во "Транспорт", 1977 г.;
  • Книга "Самолетовождение" Часть II. М.И. Лебедев, 2003 г;
  • Книга "Воздушная навигация". Черный М.А., Кораблин В.Н. Изд-во Транспорт, 1991 г.;
  • Ресей Федерациясының қарулы күштер авиациясының әуе навигациясы бойынша нұсқаулығы ӘӘК Бас қолбасшысының 1993 жылғы 6 желтоқсандағы № 227 бұйрығымен күшіне енді;
  • Ресей Федерациясының Көлік министрлігінің 25.08.2015 жылғы №262 бұйрығымен бекітілген "Азаматтық әуе кемелерінің ұшуы, қонуы, басқаруы және тұрағы үшін арналған әуеайлақтарыны қойылатын талаптар" Федералдық авиация ережелері;
  • Ресей Федерациясының Көлік министрлігінің 11.03,2010 жылғы №138 бұйрығымен бекітілген "Ресей Федерациясының Әуе кеңістігін пайдаланудың федералдық ережелерін бекіту туралы" Федералдық авиация ережелері;
  • "Азаматтық әуеайлақтарының Федералдық авиация ережелеріне сәйкестігін бағалау әдістемесі" (бұдан әрі ФАЕ СБӘ);
  • Ресей Федерациясы Көлік министрлігінің 2014 жылғы 31 қазандағы №305 "Аэронавигациялық ақпаратты әзірлеу тәртібі мен ұсыну ережелерін бекіту туралы" бұйрығы;
  • "Азаматтық авиация әуеайлақтарында әуе жақындау жолақтарының шекараларын белгілеу тәртібін" бекіту туралы" Ресей Федерациясы Көлік министрлігінің 04.05.2018 жылғы №176 бұйрығы.

Аэронавигациялық ақпараттың негізгі көзі AICM (Aeronautical Information Conceptual Model) моделіне сәйкес құрылған аэронавигациялық деректердің реляциялық базасы болып табылады. AICM моделі "Еуробақылау" халықаралық әуе қозғалысын жоспарлау және үйлестіру ұйымымен ұсынылған. Деректер базасының құрылымы авиациялық қызметтің барлық элементтерін сақтауға және өңдеуге, пайдаланушының күнін, уақытын және операция типін көрсетумен олардың өзгеру хронологиясын қадағалауға мүмкіндік береді. Деректер базасы 9.4 немесе 9.5 нұсқалы Postgres ДББЖ-да жазылған.

Кешен аэронавигациялық карталардың барлық түрлерін, тақырыптық құжаттарды, аэронавигациялық ақпарат жинақтарының беттерін (Airnavigation Information Publication, бұдан әрі AНИ жинағы) ұлттық және халықаралық тілдерде, AIXM 5.1 форматындағы аэронавигациялық ақпарат жиынтығын қалыптастыруға мүмкіндік береді. AIXM5.1 форматындағы аэронавигациялық деректер жинақтары аэронавигациялық деректер базасы мен аэронавигациялық ақпаратты өңдеу жүйелері арасында деректермен алмасу үшін пайдаланылуы мүмкін. AIXM 5.1 деректер жинақтарын WFS 2.0 сипаттамасындағы жауаптар түрінде ұсынылуы ақпаратты клиент-серверлік WEB жүйелерінде пайдалануға мүмкіндік береді. Кешеннің деректер базасы және қалыптастырылатын құжаттар әуеайлағы ауданында ұшуларды талдау, модельдеу және ауа жағдайын талдау, әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлау және әуе қозғалысын басқару, аэронавигациялық деректерді басқа деректер базаларымен және WEB сервистерімен алмасу үшін қолданылуы мүмкін. Деректер базасының құрылымын егжей-тегжейлі сипаттау "AICM деректер базасының сипаттамасы" құжатында келтірілген.

"Аэронавигациялық ақпарат құжаттарын дайындау" қолданбалы міндеті аэронавигациялық деректер базасына ақпаратты енгізу және шығару үшін қызмет етеді. Міндет Панорама 12 ГАЖ-да интеграцияланған панель түрінде рәсімделген. Міндеттер панелі функционалды түрде келесі төрт бөлікке бөлінген – деректерді енгізу, деректерді шығару, анықтамалықтарды жүргізу, ARINC және AIXM 5.1 конверторлары. Деректер қауіпсіздігінің қосалқы жүйесін басқару мақсатында міндетке аэронавигациялық ақпарат әкімшісінің диалогы қосылған.

Міндет келесі операцияларды орындауға мүмкіндік береді:

  • АНИ деректер базасына ақпарат енгізу;
  • АНИ деректер базасынан картадағы ақпаратты жаңарту;
  • ақпаратты деректер базасынан ARINC алмасу форматына экспорттау;
  • ақпаратты картадан ARINC форматына экспорттау;
  • ақпаратты картадан AIXM 5.1 және WFS 2.0 метадеректер форматына экспорттау;
  • ақпаратты деректер базасынан AIXM 5.1 метадеректер форматына экспорттау;
  • ақпаратты ARINC форматынан картаға импорттау;
  • ақпаратты ARINC форматынан деректер базасына импорттау және жаңарту;
  • ақпаратты AНИ жинағының парақтарына экспорттау;
  • деректер базасынан алынған деректер бойынша аэронавигациялық карталардың жақтаудан тыс безендіруін қалыптастыру;
  • әуе кемесінің тіркеу нөмірлерінің тізімдерін файлға импорттау.

Аэронавигациялық карталар Doc 8697 ИКАО ("Аэронавигациялық карталар бойынша нұсқаулық") құжатына сәйкес кешеннің екі міндетімен де қалыптастырылады. Аэронавигациялық карталар электронды түрде қалыптастырылады, dfc.rsc арнайы аэронавигациялық сыныптауышта негізделеді. Шешілетін міндеттерге байланысты аэронавигациялық карталардың келесі түрлері қалыптастырылады:

  • ИКАО бағдарлық картасы;
  • ауданның картасы;
  • аспаптар бойынша стандартты ұшу картасы (SID);
  • аспаптар бойынша стандартты келу картасы (STAR);
  • аспаптар бойынша қонуға кіру картасы;
  • қонуға визуальды кіру картасы;
  • метеорологиялық минимум кестесін құрумен әуеайлағының картасы;
  • жербеті әуеайлақ қозғалысы мен тұрақтар орындарының картасы;
  • қонуға кірудің соңғы кезеңінің жер картасы;
  • "А", "B" және "C" сыныптағы әуеайлағы кедергілер картасы.

AIXM5.1-дегі деректер жинақтары экспорттың кіріктірілген конверторының көмегімен деректер базасынан қалыптастырылады. Конвертор аэронавигациялық деректердің барлық негізгі түрлерін бөлек файлдарға, әуеайлақтың инфрақұрылымына және жарық-техникалық жабдықтарға экспорттауға мүмкіндік береді. Конвертормен деректер базасында сақталған кез келген аэронавигациялық ақпаратты арнайы сервис арқылы экспорттау мүмкіндігі ескерілген. AНИ негізгі ақпараты экспортының кіріктірілген конверторы қосылған деректер базасы кезінде АНИ кешенінің панеліндегі батырма арқылы қол жетімді болады. Егер база қосылмаған болса, онда картамен жұмыс істейтін сыртқы конвертор шақырылады.

Экспорт основных точек в формат AIXM 5.1

Маршрутная карта

Бағдарлық карта (ИКАО)

Базалық картаны және үш пайдаланушылар картасы болып саналады. Бағдарлық карта кешеннің төменгі, жоғарғы, пайдаланушымен бақыланбайтын немесе орнатылған әуе кеңістіктері кешенінде шығарылуы мүмкін. Жоғарғы әуе кеңістігінің карталары (8100 метр биіктіктен бастап және одан жоғары), төменгі ауа кеңістігінің карталары (1500 метр биіктіктен бастап 8100 метр биіктікке дейін) және бақыланбайтын әуе кеңістігінің карталары.

Аудан картасы (ИКАО)

Берілген ауданға базалық карта және төрт пайдаланушылар картасы болып саналады. Аудан жақтаумен шектелуі мүмкін. Бағдарлық карта мен аудан картасының масштабтары әуе қозғалысының тығыздығына және ауданның көлеміне байланысты таңдалады. Жоғарғы мен төменгі әуе кеңістігінің аэронавигациялық карталары 1: 1 000 000 (1 сантиметрде 10 километр), 1: 1 500 000 (1 сантиметрде 15 километр) немесе одан ұсақтау масштабта орындалады. G сыныпты әуе кеңістігіне арналған аэронавигациялық карталар – 1:500 000 (1 сантиметрде 5 километр) және одан ірілеу.

Фрагмент карты района
Карта VFR

VFR картасы

ИКАО сыныптамасына сәйкес картаның атаулары "ENROUTE CHART above FL270", "ENROUTE CHART below FL270" және "VFR" карталарына сәйкес келеді. "VFR" карталары 1500 метрден бастап және одан төмен, сондай-ақ 20400 метрден жоғары (FL660) қабатта шығарылып тұрады.

Аспаптар бойынша стандарттық кету мен стандарттық келу карталары (SID/STAR) – үш пайдаланушылар картасының жинағы болып саналады. Карта әуежайдың ұшу-қону жолағының (бұдан әрі ҰҚЖ) нақты шегі үшін қалыптастырылады. Стандартты ұшу картасы "шығу", ал стандартты келу – "жақындау" атауымен құрылады. Карточка атауы әуежайдың және бағыттың атауымен толықтырылады. Карталар 1:500 000 масштабында (сирегірек 1:1 000 000 масштабында) шығарылады.

Қонуға визуалды кіру карталары және аспаптар бойынша қонуға кіру картасы топографиялық төсем-картасынан, аэронавигациялық деректері бар төрт пайдаланушылар карталарынан тұратын жинақ және жақтаудан тыс безендірумен бір карта болып саналады. Карта 1: 200 000 масштабында, ал қонуға визуалды кіру 1:100 000 масштабында шығарылады және түзу сызық шамамен ортодромияға сәйкес келетін теңбұрышты проекцияға ие болуы керек.

Әуеайлағы картасы 1:25 000 немесе 1:10 000 масштабтарындағы жеке пайдаланушылар картасы болып саналады. Топографиялық негіз, растрлық ақпарат, әуеайлағы картасы үшін матрицалық деректер бөлек дайындалады. Картаға ұшу-қону жолақтары, қону бағыттары, жермен жүру жолдары, перрондар мен тұрақтар орындары, радиотехникалық қону жүйелері, жарық-техникалық жабдықтар туралы ақпарат және әуеайлағында бағдарлау үшін қажетті басқа да ақпарат түсіріледі. Әуеайлағы картасына метеорологиялық минимумдар кестесі түсірілуі мүмкін.

Жербеті әуеайлағы қозғалысы мен тұрақтар орындары картасы 1:25 000 немесе 1:10 000 масштабтарындағы жеке пайдаланушылар картасы болып саналады. Карта масштабсыз схема түрінде шығарылауы мүмкін. Топографиялық негізі жоқ. Карта әуеайлағы қозғалысы жүзеге асырылатын әуежайдың күрделі жабындарының шекараларын, әуе кемелерінің тұрақ орындары бар перрондарды, позициялар мен нөмірлер кестесі бар тұрақтарды, әуе кемелерінің жербетінде қозғалысын шектеулер мен бағытжолдарды қамтиды.

Қонуға дәл кіруге арналған жер картасы 1:25 000 немесе 1:10 000 масштабтарындағы жеке пайдаланушылар картасы болып саналады. Карта қонуға кірудің соңғы кезеңінде берілген учаске шегінде бедердің бейіні туралы толық ақпаратты қамтиды. Ұшу-пайдалану кәсіпорындарына берілген жер радиобиіктік өлшеуіштерді пайдалану кезінде шешімді қабыладу биіктігін анықтауға қалай әсер ететінін бағалау мүмкіндігін беру үшін пайдаланылады.

"А" сыныптағы әуеайлағы кедергілер картасы 1:25 000 масштабындағы жеке пайдаланушылар картасы болып саналады. Ақпарат схемалық сипатқа ие, картаның геодезиялық жүйесімен байланысы жоқ. Картаның кескінінде шартты метрлермен түсіріледі. Картаға әр ҰҚЖ-ның оған іргелес жатқан шеткі тежеу жолағының немесе кедергілерден, бос жатқан шеткі жолағының, ұшып шығу траекториясы мен кедергілер аумағының жоспары мен бейіні түсіріледі, ұшып шығу траекториясының бейіні бүкіл ұшып шығу траекториясының сызықтық проекциясын қамтиды және ақпаратты жылдам түсіну үшін ең ыңғайлы болатын нысанда оның сәйкесінше жоспары үстінде орналасады.

Карта аэродромных препятствий класса А
Карта аэродромных препятствий класса В

"В" сыныптағы әуеайлағы кедергі картасы шеңбер бойымен ұшу биіктігін қоса алғанда, минималды қауіпсіз абсолютті/салыстырмалы биіктіктерді, ұшу немесе қону кезінде апаттық жағдайда басшылыққа алу керек болатын ережелерді анықтау және аэронавигациялық карталарды жасауға арналған бастапқы материал ретінде пайдалану үшін қызмет ететін жеке пайдаланушылар картасы болып саналады. Картаға берілген жұмыстар ауданындағы бедерімен барлық кедергілер және градустар мен минуттарда белгіленетін бір минут интервалымен геодезиялық тор түсіріледі.

Аэронавигациялық ақпаратты карталарға экспорттау ақпаратты үш өлшемді түрде бейнелеуге мүмкіндік беретін объектілердің арнайы семантикалық сипаттамаларын толтырумен қатар жүреді.

Аэронавигациялық ақпарат жинағы әуе кемесінің бортында навигация, қызмет көрсету және жердегі қызметтермен әуе қозғалысын басқару үшін пайдаланылатын аэронавигациялық ақпарат пен басқа деректерді қамтитын құжат болып саналады. Жинақ үш бөлімнен тұрады және аэронавигациялық ақпарат каталогтарын, аэронавигациялық карталарды, ұлттық және аймақтық ұшу ережелері мен процедураларын қамтиды.

Кешен бүкіл кестелік ақпаратты және келесі АИП бөлімдері үшін аэронавигациялық карталарды жақтаудан тыс безендіру парақтарын қалыптастырады:

  • GEN жалпы бөлімін – ұлттық ұшу ережелерін, кестелер мен кодтарды, қызметтер тізімін және аэронавигациялық алымдар ережелерін қамтиды.
  • ENR бөлімін – нүктелерді, бағытжолдарды және РНЖ-ны қосқанда, ӘҚҰ әуе кеңістігі құрылымының элементтерін қамтитын "ӘҚҰ әуе кеңістігі".
  • AD бөлімі – "әуеайлақтар және тікұшақ айлақтары" және әуеайлақтары туралы толық ақпаратты қамтиды.

"Әуеайлағы маршруттарындарын есептеу" қолданбалы міндеті стандартты ұшу, жақындау, қонуға саймандық және визуалды кіру бағытжолдарын модельдеу мен құру, жерді есепке алумен әуе кеңістігі құрылымының элементтеріне әсерін талдау үшін арналған. Міндет ұшу, жақындау және қону бағытжолдарының, сондай-ақ ауеайлағы ауданындағы кедергілерді бағалау беттерінің схемаларын жасауға мүмкіндік береді. Жобаланатын ұшу бағытжолында Doc8168 және Doc9368 құжаттарында сипатталған тәртіпте үйлестіруге, біріктіруге, кесуге болатын схемалардың дәйекті тізбегін қамтиды.

Панель функционалды түрде келесі екі бөлікке бөлінген – операциялық және қызметтік. Операциялық бөлігі ұшу, жақындау және қону схемаларын, шеңбер бойымен маневр жасау схемасын, аймақтық навигация маршруттарының элементтерін (RNAV) қалыптастыру, ұлттық стандарттар бойынша қону маршруттарын жасау, жобаланатын бағытжолдарды өңдеуді талдау және сақтау, сондай-ақ OCA (OCH), MБВ және шеңбер биіктігін есептеу үшін қызмет етеді. Қызметтік бөлігі деректер базасына қосылу, анықтаманы шақыру және жұмысты аяқтау үшін қызмет етеді.

Doc8168 "Аэронавигациялық қызмет көрсету ережелері. Әуе кемелерінің ұшу өндірісі (PANS-OPS) II том. Визуалды ұшулардың және аспаптар бойынша ұшуларды схемаларын тұрғызу" және Doc9371 "Күту схемасы, кері схема және "Ипподром" типті схема үшін үлгітүрлер бойынша нұсқаулық" құжатына сәйкес міндет схемалардың келесі түрлерін жобалауға және талдауға мүмкіндік береді:

  • жылжытылған осьпен ұшып шығу схемасын қоса алғанда, түзу бойымен ұшып шығу схемаларының барлық түрлерін;
  • келу учаскелерінің барлық түрлерін;
  • "Ипподром" схемаларын;
  • "Қонуға бұрылу", "45х180 бұрылыс", "80х260 бұрылыс" схемаларын;
  • ILS, PAR, VOR, NDB бойынша қону схемасын;
  • жолды есептеумен қону схемасын ("U" және "S" схемалары);
  • шеңбер бойымен визуалды маневр жасау схемасын;
  • түзу бойымен екінші айналымға кету схемасын;
  • "OAS" кедергілерді бағалау беттерін;
  • параллель және параллель дерлік ҰҚЖ-дағы схемаларды;

әскери рәсімдер бойынша:

  • "Есептік бұрышқа қайырма" схемасын;
  • "Радиостанция үстіндегі шеңбер" схемасын;
  • "180 бойынша екі бұрылыспен қонуға кіру" схемасын;
  • "Ең кіші бұрыш жағына бұрылыс" схемасын;
  • "Төмендеудің басталу шегінен бастап қонуға кіру" схемасын. Схема төмендеудің басталу шектері торымен салынады;
  • "Шағын қорапша бойынша қонуға кіру" схемасын;
  • "Үлкен қорапша бойынша қонуға кіру" схемасын.

RNAV маршруттарының элементтері, аймақтық навигация маршруттарының учаскелері және баро-VNAV , "Т" және "Y" схемалары, екінші айналымға кетудің бастапқы кезеңінің әртүрлі нұсқалары "Doc 8168 Pans-Ops. "Әуе кемелерінің ұшу өндірісі" (PANS-OPS) II том" және "Аймақтық навигациялау әдістерін пайдаланған кезде маршруттардағы және ауәайлағы ауданындағы ұшу схемаларын тұрғызу бойынша нұсқаулықтар" құжаттарының талаптарына сәйкес жасалған. Міндет RNAV схемаларының келесі элементтерін жасауға мүмкіндік береді:

  • екі DME бойынша маршруттарды түзету аймағын;
  • жол нүктесіне рұқсат аймағын;
  • "TF" түзусызықты учаскенің схемасын;
  • "RF" бұрылысын;
  • "Fly-By" бұрылысын;
  • "Fly-Over" бұрылысын;
  • "T" схемасын;
  • "Y" схемасын;
  • RNP APCH аймағының схемасын;
  • DF учаскесімен екінші айналымға кету схемасын;
  • TF немесе CF учаскесімен екінші айналымға кету схемасын;
  • ОВД бағытжолындағы МЕА-ны есептеу;
  • APV/баро-VNAV аймағының схемасын;
  • келу маршруттарының векторлау схемасы.

Қолданбалы міндет ұшу, жақындау және қону маршруттарының дайын схемаларын, сондай-ақ "Ипподром" мен бұрылыстардың қорғаныс схемаларын қалыптастырады. Маршруттың типіне және тұрғызу ерекшеліктеріне байланысты схема ұшып шығудың бастапқы кезеңінде маршруттық бөлікті (OAS бетін), буферді (қосымша аймақты) қамти алмайды. Схемаларда келесідей қосымша элементтер болуы мүмкін: арнайы нүктелер мен қорғаныс сызықтары. Әрбір схема бірыңғай маршрутты тұрғызған кезде келісу мүмкіндігі үшін картаның объектілер жинағына кіретін ендіру нүктесі мен бағдарлау осьін қамтиды.

Жоспарланатын маршрут бір немесе бірнеше схемалардан тұрады. Қажет болған жағдайда есептелген қауіпсіз ұшу биіктігі бойынша схеманы тұрғызу параметрлерін, OCA/OCH, ұшуды қондырудың немесе екінші айналымға кетудің градиентін және басқа параметрлерді есептеу және түзету орындалады. Схемаларды дайындау Doc 9906 "Ұшу схемаларын әзірлеу кезінде сапасын қамтамасыз ету бойынша нұсқаулық 2-том. Ұшу схемаларының жобалаушыларын дайындау (Ұшу схемаларының жобалаушыларын дайындау бағдарламасын әзірлеу)" құжатында сипатталған ИКАО бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Схема Doc 8168 құжатының талаптарына сәйкес сынқатардан өтеді, деректер базасында өзекті ретінде бекітіледі және белгіленді. Міндеттің жалпылаушы алгоритмі кейіннен жариялау үшін деректер базасына алдағы сақтаумен арнайы уақытша қоймада қолмен түзету арқылы жақындау, ұшып шығу, қону маршруттарын кодтау болып табылады. Ұшып шығу, жақындау және қону схемаларын кодтау Doc 8168 "Әуе кемелерінің ұшу өндірісі" (PANS-OPS) II том құжатының 5-бөлімінің талаптарына сәйкес орындалады және ARINC 424-19 форматының қозғалыс траекториясының көрсеткіштерін кодтауға сәйкес келеді.

Жоспарланатын маршрутты өңдеу "Талдау, іздеу, сақтау" панелімен жүзеге асырылады. Үлгітүрлерді түсіру панелін және Панорама ГАЖ саймандарын пайдалан отырып, электрондық аэронавигациялық картада маршрут немесе ұшу схемалары жасалады. Іздеу және сақтау құралдарымен картада жасалған және келісілген ақпарат міндетпен өңделеді және деректер базасында сақталады. Терминалдықтар ретінде өңделетін және сақталатын жобаланған схеманың потенциалды тірек нүктелерін талдау жүргізіледі. Кедергілерді бағалау аймақтары бөлек өңделеді және әр маршрут үшін бөлек сақталады. Нәтиже инфрақұрылым объектілерінің (кедергілердің) ұшудың жекелеген фазаларына әсерін талдауды орындау үшін пайдаланылады. Талдау нәтижелері маршруттың құрылымы мен жағдайын, сондай-ақ оның жеке элементтерінің (үлгітүрлерінің) параметрлерін өзгерту туралы шешімді қабылдау үшін пайдаланылуы мүмкін.

"Әуеайлақтардың ФАЕ талаптарына сәйкестігін бағалау" қолданбалы міндеті әуеайлақ пен әуеайлақмаңы аумағын Федералдық авиациялық ережелерге сәйкес пайдалануға және әуе кемелерінің ұшуларына жарамдылығын талдау үшін арналған. Міндет жердің, әуеайлақтың ауданының, жасанды кедергілердің және жербеті инфрақұрылым элементтерінің талдауын әуеайлақты пайдалануға жарамдылығы туралы шешім қабылдау үшін мүмкіндік береді. Міндеттер панелі төмендегі суретте бейнеленген.

Міндет Ресейдің Көлік министрлігінің 25.08.2015 жылғы №262 бұйрығымен бекітілген "Азаматтық әуе кемелерінің ұшуы, қонуы, басқаруы және тұрағы үшін арналған әуеайлақтарыны қойылатын талаптар" Федералдық авиация ережелерінің (бұдан әрі – ФАЕ) талаптарына сәйкес құрылды. Есептеулер мен нәтижелеуші ақпарат "Азаматтық әуеайлақтарының Федералдық авиация ережелеріне сәйкестігін бағалау әдістемесі" құжатында (бұдан әрі ФАЕ СБӘ) сипатталған алгоритмдер мен әдістерге сәйкес қалыптастырылады.

Міндет келесі операцияларды орындауға мүмкіндік береді:

  • Әуеайлақ пен ҰҚЖ сыныбы мен физикалық сипаттамаларын анықтау;
  • Кедергілерді анықтайтын аймақтар мен беттерді құру;
  • Кедергілерді анықтайтын беттерді тұрғызу және байланыстыру;
  • Кедергілер туралы есеп берулерді қалыптастыру.

Кешен элементтері арасындағы өзара әрекеттесу тәртібі келесі суретте көрсетілген.

Беттердің жобалары ФАЕ СБӘ құжатының III "Кедергілер" бөлімінде сипатталған өлшемшарттар мен әдістемелерге сәйкес кедергілерді талдау үшін қызмет етеді. Талдау нәтижелері бойынша әуеайлақты тексеру актісіне кіретін кестелер қалыптастырылады.

План поверхностей учета препятствий по МОС НГЭА с вылетом по прямой

Екі ҰҚЖ бар әуеайлағы үшін конустық және көлденең өтпелі бет