ГАЖ-қосымшаларын әзірлеу құралдары

GIS WebToolKit SE

GIS WebToolKit SE – веб-қосымшаларды әзірлеуге арналған ГАЖ-инструментарийі. JavaScript тілінде компоненттер мен сыныптар кітапханасы болып саналады.

Өнім орыс тілінде іске асырылған.

Жер туралы картографиялық ақпаратты бейнелеумен веб-қосымшаларды құруға, картаның объектілерінің сипаттамалары туралы ақпарат алуға, жаңа объектілерді құруға және бар объектілерді редакциялауға мүмкіндік береді. Инструментарий кеңістіктік деректердің (векторлық, растрлық, матрицалық карталардың, ЖҚЗ деректерінің) инфрақұрылымына қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Linux негізіндегі ашық жүйелерде пайдаланылуы мүмкін.

GIS WebToolKit SE Open Geospatial Consortium (OGC): Web Map Tile Service (OGC WMTS), Web Map Service (OGC WMS), Web Feature Service (OGC WFS), Web Coverage Service (OGC WCS) стандарттары бойынша кеңістіктік деректермен алмасу хаттамаларын және арнайы есептеулерді орындау үшін қосымша сұратуларды қолдайды. Сұратулар AJAX технологиясын пайдаланумен HTTP хаттамасы бойынша асинхронды түрде орындалады. Инструментарийдің жұмыс істеуі үшін jQuery және w2ui кітапханаларының болуы талап етіледі.

Геоақпараттық деректер көзі ретінде GIS WebService SE карталарының сервисі пайдаланылады. Ол картаның графикалық кескінін, объектілердің геометриясын және картаның объектілері туралы әртүрлі анықтамалық ақпаратты алуды, жер бедері туралы кеңістіктік ақпарат алуды, карта бойынша есептеулер мен өлшеулерді орындауды қамтамасыз етеді.

GIS WebToolKit SE-ні пайдалану үшін, компоненттер браузерге кәдімгі JavaScript-файлдары ретінде беттің кодымен бірге жүктелетіндей, оның кітапханасын html-бетке қосқан жеткілікті болады.

Жұмыс істеу үшін HTML5 – Microsoft Internet Explorer 11 және одан жоғары, Mozilla Firefox 3.6 және одан жоғары, Opera 11.0 және одан жоғары, Apple Safari 5.0 және одан жоғары және Chrome қолдауымен браузер қажет.

GIS WebToolKit SE қол жеткізу құқықтарын ажыратумен геопорталдарды тұрғызуға арналған GIS WebServer SE қосымшасы үшін негіз ретінде пайдаланылады. GIS WebServer SE өзгеріп отыратын кеңістіктік деректердің жариялауын автоматтандырады. Деректердің жаңа қабаттарын құрады және оларды редакциялауға мүмкіндік береді. Әртүрлі сервистерден және геопорталдардан координаттар жүйелерін қайта есептеумен, бейнелеу тәртібін және қабаттардың мөлдірлігін таңдаумен қабаттарды үйлестіреді. Тақырыптық карталар мен картограммаларды құрады. Жерде геодезиялық есептеулерді орындайды. Модедьді дайындамаусыз ашық векторлық карталар, биіктіктер карталары және жердің суреттері бойынша 3D модельді бейнелейді. Жол бағаны бойынша ең қысқа бағыттарды іздеуді орындайды. Инструментарийді пайдалану мысалдары.

Инструментарийді пайдалану тәртібі (қалай қосу керек)

Скриптер мен стильдер кітапханасын қосу

<!-- подключение jquery --> <link href="jquery/jquery-ui.css" rel="stylesheet"/> <script src="jquery/jquery-1.12.4.min.js"></script> <script src="jquery/jquery-ui-1.11.2.min.js"></script> <script src="jquery/modernizr-2.5.3.js"></script> <script src="jquery/jquery.maskedinput.js"></script> <script src="jquery/jquery.balloon.js"></script>
<!-- подключение w2ui --> <link href="w2ui/w2ui-1.4.2.min.css" rel="stylesheet" /> <script src="w2ui/w2ui-1.4.2.min.js"></script>
<!-- подключение GWTK SE --> <link href="gwtk.css" rel="stylesheet" /> <script src="gwtkse.js"></script>

* инструментарийді пайдаланған кезде 1.12.4 нұсқалы jQuery және 1.4.2 нұсқалы w2ui кітапханалардың болуы талапт етіледі.

Картаның компонентінің параметрлерін теңшеу

var options = {
        "id": "01",
        "url": "http://gisserver.info/GISWebServiceSE/service.php", 
        "center": [55.86, 38.349],
        "tilematrix": 13,
        "crs": 3857,
        "tilematrixset": "GoogleMapsCompatible",
        "maxzoom": 17,
        "minzoom": 0,
        "locale": "ru-ru",
        "layers": [
            {
               "id": "Worldmap", "alias": "Карта мира", "selectObject": 0,
               "url": "SERVICE=WMTS&REQUEST=GetTile&VERSION=1.0.0&LAYER=Worldmap&STYLE=default&TILEMATRIXSET=%tilematrixset&TILEMATRIX=%z&TILEROW=%y&TILECOL=%x&FORMAT=image%2Fpng"               
            },
            {
                "id": "googleMap", "alias": "Google карта", "selectObject": 0,
                "url": "http://mt1.google.com/vt/lyrs=m@250000000&hl=ru&src=app&x=%x&y=%y&z=%z&s=Galileo"
            },
            {
                "id": "osmMap", "alias": "OpenStreetMap", "selectObject": 0,
                "url": "http://b.tile.openstreetmap.org/%z/%x/%y.png"
            },
            {
                "id": "dealers", "alias": "Дилеры КБ Панорама", "sheet": "Дилеры", "selectObject": 1, "legend": "*",
                "url": "SERVICE=WMTS&REQUEST=GetTile&VERSION=1.0.0&LAYER=dealers&STYLE=default&TILEMATRIXSET=%tilematrixset&TILEMATRIX=%z&TILEROW=%y&TILECOL=%x&FORMAT=image%2Fpng",
                "keyssearchbyname": ["ObjName"]
            },
            {
                "id": "NoginskEdit", "alias": "Ногинский район", "sheet": "NoginskEdit", "selectObject": 1, "selectsearch": 1, "legend": "*",
                "url": "SERVICE=WMS&REQUEST=GetMap&VERSION=1.3.0&FORMAT=image%2Fpng&LAYERS=NoginskEdit&BBOX=%bbox&HEIGHT=%h&WIDTH=%w&CRS=%crs&dt=%dt",
                "keyssearchbyname": ["ObjName"]
            }
        ],
        "controls": [*],
        "url_addresssearch": ["http://geocode-maps.yandex.ru/1.x/?geocode=", "Искать в Яндекс"]
    };

Компоненттің данасын құру

var map = new GWTK.Map("MapCanvas", options);

* мұндағы MapCanvas – бұл карта бейнеленетін HTML-басқару элементінің сәйкестендіргіші,
мысалы <div id="MapCanvas" style="width:600px; height:300px;"></div>