Copyright © Panorama Group 1991 - 2022
Құпиялылық саясаты
Панорама Мини ГАЖ
Панорама Мини ГАЖ қалалардың цифрлық карталары мен жоспарларын жасауға және түзетуге, ЖҚЗ деректерін қарауға, растрлы деректерді өңдеуге арналған, графикалық құжаттарды цифрлық және баспа түрде дайындау құралдарын, сондай-ақ дерекқорлармен жұмыс істеуге арналған құралдарды қамтиды.
Өнім келесі тілдерде іске асырылған: орыс, ағылшын, француз, испан, қазақ, украин, қытай, вьетнам тілдері.
Импорттау және қарау:
2. EPSG коды бойынша параметрлерді автоматты түрде толтырумен немесе XML пішіміндегі параметрлер тізімінен жаңа карталарды жасау.
3. Карталарды SXF, DXF, OGC GML пішімдеріне экспорттау.
4. Сервер ГАЖ жүйесіне қосылу арқылы қолжетімділік бақылай отырып, деректермен көп пайдаланушының жұмыс істеуі.
5. Картаны түзету:
Түрлі проекциядағы векторлық карталарды бір құжатта біріктіру және түзету.
6. Танымал геопорталдардың қолдау көрсетуі арқасында, пайдаланушы карталарын Google (Жерсерік), Google (Карта), Google (Жер бедері), Yahoo! сайттарынан алынатын кескіндердің үстінен көрсетуге мүмкіндік беріледі. (Жерсерік), Yahoo! (Карта), OpenStreetMap (Карта), Yandex (Жерсерік), Yandex (Карта), Росреестр (Ресей тізілімі), Украина кадастрлық карталары геопорталы, Космоснимки және басқалар. Геопорталдар тізімі үнемі кеңейтіліп тұрады және жүйені пайдаланушылары тарапынан толықтырылуы мүмкін.
Сервердегі деректерді OGC WMS және OGC WFS протоколдары бойынша импорттау.
7. Навигациялық міндеттерді шешу үшін GPS/ГЛОНАСС-қабылдағышқа қосылу. "Картаның легендасы" және Карталар атласы" міндеттерінің көмегімен деректерді басқару.
8. Карталарды, графиканы, түрлі атрибуттары бар көпжолақты мәтінді, кіріктірілген кеңселік құжаттар мен кестелерді, жиектеме артындағы рәсімдеуді, координаттық нүктелерді және басқа да элементтерді қамтитын күрделі есептерді дайындау және басып шығару. PostScript-тегі түрлі шығару және енгізу құрылғыларында электрондық картаны басып шығару. Басып шығару үшін дайындалған құжатты алдын ала қарау, карталардың ұсақ тираждарының параметрлерін теңшеу.
9. Кестелерді қарау, сұрауларды құрастыру үшін пайдаланушы нысандарын теңшеумен бірге дерекқорларды, сонымен қатар аумақтық жоспарлау сызбанұсқаларын, қала құрылысы кадастрын қарау үшін және басқа да міндеттер үшін есептерді жүргізу.