Copyright © Panorama Group 1991 - 2022
Құпиялылық саясаты
Панорама АГРО ГАЖ
Салалық аграрлық ГАЖ-ды құрудың базалық құралы.
Өнім орыс тілінде іске асырылған.
Панорама АГРО ГАЖ — ауылшаруашылық алқаптарын есепке алуды, топырақтың құнарлылық базасын жүргізуді, егіншілікті агротехнологиялық жоспарлауды, алқаптар мен егістердің күйінің мониторингін, автокөлік, ауылшаруашылық техникасы және агрегаттар туралы деректер базасын жүргізуді, техникалық құралдардың ГЛОНАСС/GPS негізінде механикаландырылған жұмыстарды қашықтықтан басқаруды және "1С" платформасындағы өнімдерді қосқанда, сыртқы бағдарламалармен ақпараттық өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін салалық аграрлық ГАЖ-ды құруға арналған базалық құрал.
"Панорама АГРО" "Панорама" форматындағы картографиялық деректерді және Microsoft SQL Server реляциялық ДББЖ форматындағы атрибуттық мәліметтердің базасын пайдаланады. Кеңістіктік және атрибуттық мәліметтер есепке алу объектісінің – ауылшаруашылық алқаптары контурының бірыңғай моделімен байланысқан. Сақтаудың негізгі бірлігі – айдалған жердің оқшауланған учаскесі – егіс болып табылады. Егістер шаруашылықта қабылданған ауыспалы егістер жүйесіне байланыстырылған. Егістер туралы атрибуттық мәліметтер түсім жылына байланыстырумен сақталады.
Егіншілікті басқару процестерін автоматтандыру үшін бағдарламада дақылдарды өсірудің агротехнологиялық карталарын қалыптастыру құралдары кіріктірілген. Агротехнологиялық карталар жұмыс учаскелері мен ауыспалы егістер туралы мәліметтердің негізінде құрылады. Агротехнологиялық карталарды және ауылшаруашылық техникасы мен агрегаттары туралы мәліметтерді пайдаланумен техниканы пайдалану мен егістік жұмыстарын орындаудың күнтізбелік жоспары қалыптастырылады.
Жоспарға сәйкес жұмыстардың жоспарланатын көлемімен және оларды орындау орнын (жұмыс учаскесі, маршрут) көрсетумен жүргізушілерге және механизаторларға күнделікті тапсырмалар қалыптастырылады. Нақты орындалған жұмыстардың көлемдерін есептеу үшін техниканың орын ауыстырулары мәліметтер және ГЛОНАСС/GPS навигациясының негізіндегі диагностикалық сезбектер көрсеткіштерінің мәндері пайдаланылады. Дәл осы мәліметтер техниканың мониторингі, тректерді және объектінің ағымдағы орналасқан жерін визуалдау, мониторинг оқиғаларын бекіту, бейнелеу және талдау үшін пайдаланылады.