Copyright © Panorama Group 1991 - 2022
Құпиялылық саясаты
Copyright © Panorama Group 1991 - 2022
Құпиялылық саясаты
Технология
Инженерлік ізденістер — жылжымайтын мүлік объектілерін жерге орналастыру, межелеу, кадастрлық есепке алу, жобалау және салу мақсатында аумақтың, ауданның, алаңшаның немесе жер телімінің табиғи шарттарын кешенді түрде зерттеу үшін жүргізілетін жұмыстар. Инженерлік ізденістердің келесі түрлері бар:
Жер құруға: жерлердің жағдайын зерттеу, жерлерді оңтайлы түрде қолдануды және күзетуді жоспарлау және ұйымдастыру, жер құру орналасқан жерді сипаттау және төңіректе жер құру объектілерінің шекараларын белгілеу, азаматтар және заңды тұлғалар тарапынан жер телімдерін оңтайлы түрде қолдауды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар кіреді.
Жер құру объектілері: Ресей Федерациясы субъектілерінің аумақтары, муниципалдық құрылымдардың аумақтары, елді мекендердің аумақтары, аумақтық аймақтар, аумақтарды қолданудың ерекше шарттарына ие аймақтар, сондай-ақ көрсетілген аумақтар мен аймақтардың бөліктері болып табылады.
Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік тізілімі — 13.07.2015 ж. N 218-ФЗ "Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу туралы" федералдық заңға сәйкес есепке алынған жылжымайтын мүлік туралы, осында жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар, олардың туындау негіздері, құқық иеленушілері туралы жүйелендірілген дәйекті мәліметтер, сондай-ақ осы Федералдық заңға сәйкес белгіленген өзге де мәліметтер жинағы.
Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік кадастрлық есепке алу телімдерге, ғимараттарға, құрылыстарға, үй-жайларға, машина-орындарға, салынып болмаған объектілерге, біртұтас жылжымайтын кешендерге қатысты жүзеге асырылады, ал федералдық заңда белгіленген, сондай-ақ 13.07.2015 ж. N 218-ФЗ Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу туралы" федералдық заңда көзделген өзге де жағдайларда — жермен тығыз байланысты, яғни тағайындалуына шамалас емес нұқсан келтірмей басқа жерге көшіру мүмкін болмайтын өзге объектілерге де қатысты жүзеге асырылады.
Аумақтарды жоспарлау – жергілікті өзін-өзі басқару органдары тарапынанg ретке келтірілген нормаларға сай іске асырылатын, қаланы абаттандыру жөніндегі жобаларды немесе қала округтарында құрылыс салуға арналған жалпыға ортақ жоспарларды іске асыру тәсілдерінің бірі.
Аумақтық жоспарлау, әлеуметтік-экологиялық қажеттіліктерді: өнеркәсіптік өндірісті, ауыл шаруашылығын, қоныстану, коммуналдық, көліктік, рекреациялық, экологиялық және басқа да геожүйелерді ескере отырып, аумақты ұйымдастыруды қамтиды. Аумақтық жоспарлау нәтижесі — елдің аумағында қоныстандыруың Басты сызбасынан, аудандық жоспарлау сызбалары мен жобаларынан бастап қалалар мен ауыл қоныстарының басты жоспарларын, өнеркәсіптік және рекреациялық аймақтардың жобаларын, құрылыс жобаларын әзірлеуге дейінгі жобалау жұмыстарының барлық циклын қамтитын аумақтық жоспарлау құжаттары болып табылады.
Аумақтық жоспарлау және жобалау — аумақты барынша оңтайлы түрде ұйымдастырудың және оның шегінде өндірістік кәсіпорындарды, коммуникацияларды және қоныстану орындарын орналастырудың, сонымен қатар оның географиялық, экономикалық, сәулет-құрылыс және инженерлік-құрылыс факторлары мен шарттарын кешенді түрде ескерудің теориясы мен практикасы. Аумақтық жоспарлау, табиғи, әлеуметтік және экономикалық құбылыстар мен олардың өзара іс-қимылын орналастырудың кеңістіктік аумақтық заңдылықтарын ескеруге негізделеді.
Аумақты жоспарлау және жобалау жұмысы, қала құрылысы қызметінің — аумақты жоспарлау, қала құрылысын аймақтарға бөлу, аумақты жоспарлау, сәулеттік-құрылыстық жоспарлау, күрделі құрылыс объектілерін салу, күрделі жөндеу, қайта құру, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану түрінде жүзеге асырылатын, аумақтарды, сонымен қатар қалалар мен өзге қоныстарды дамыту жөніндегі қызметтің негізгі элементі болып табылады.
Қала құрылыс қызметі дегеніміз — азаматтардың мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді, сондай-ақ нақты аумақтардың ұлттық, тарихи-мәдени, экологиялық, табиғи және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып, аумақтар мен қоныстардың қала құрылысын дамыту саласындағы мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың қызметі. Қала құрылысы қызметі, қала құрылысы құралдарымен халықтың өмір сүруі үшін қолайлы шарттар жасауға, шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған табиғи ортаға зиянды әсерін шектеуге, сонымен қатар оны қазіргі және келешек буындардың мүддесінде оңтайлы түрде қолдануға бағытталған.
Инженерлік-геодезиялық ізденістер — төңіректің жер бедері және жағдайы туралы ақпаратты алуға бағытталған жұмыстар кешені, жобалау үшін және ізденістер мен зерттеулердің басқа да түрлерін жүргізу үшін негіз болып табылады. Инженерлік-геодезиялық ізденістер GPS\ГЛОНАСС-қабылдағыштарды, тахеометрлерді немесе олардың тіркесімін қолдану арқылы жүргізіледі.
"Панорама" ГАЖ-дегі төңіректің үшөлшемді үлгісі, төңіректің жербедерін ескере отырып салынған жабынды білдіреді, оның үстіне векторлық, растрлық немесе матрицалық картаның кескіні, сонымен қатар онда орналасқан, екіөлшемді карта объектілеріне сай келетін үшөлшемді объектілер қабатталуы мүмкін. Ол, объект туралы ақпаратты сұрау, олардың сыртқы түрі мен сипаттамаларын түзету мақсатымен үлгідегі объектілерді таңдауға мүмкіндік беретін толыққанды үшөлшемді карта болып табылады. Үшөлшемді үлгіде жер үсті және жер асты объектілерін көруге болады.
Құрылысты бастаудың алдында ғимаратты немесе құрылысты оңтайлы жобалау міндетін шешу үшін инженерлік-геологиялық ізденістер жүргізіледі. Олар геологиялық құрылысты, гидрогеологиялық шарттарды зерттеу, топырақтардың физикалық-механикалық қасиеттерін бағалау, сондай-ақ құрылыс үшін жағымсыз инженерлік-геологиялық процестерді болжау (көшкіндер, шаймаапан, су басу және т.б.) бойынша жұмыстар кешенін қамтиды.
Біздің өнімдеріміз, қазіргі нарық жағдайында табысқа жетелейтін үш негізгі міндеттің шешімін қамтамасыз ететін құрал-сайман болып табылады — уақтылы объективті ақпараттың болуы, дұрыс басқарушылық шешім қабылдау қабілеті және осы шешімдерді іске асыру мүмкіндігі.
Негізгі бағыттар:
"Өңір геопорталы" өңірлік геопорталын жүргізу кешені кеңістіктік деректер банкін жүргізуге, цифрлық картографиялық ақпаратты жариялауға, Жерді қашықтан зондтау деректеріне (ҚЗД), дерекқордағы тақырыптық ақпаратқа, құжаттарға, навигациялық ақпаратқа, автоматтандырылған басқару жүйелерімен, төңірек күйін мониторингтеу жүйелерімен өзара іс-қимылды қашықтан ұйымдастыруға, көлікті басқаруға, қала құрылысы міндеттерін қамтамасыз етуге, жер мен жылжымайтын мүлік кадастрлары мен басқаларды жүргізуге арналған.
Ірі масштабтағы топографиялық түсірілім геодезиялық жұмыстардың ең талап етілген түрі болып табылады. Ондағы қажеттіліктер, ландшафттық дизайнды тігінен жоспарлау және жобалау шешімін табу мақсатында, құрылыстағы ізденістер, топографиялық карталарды жаңарту, басты жоспарларды құру, жұмыс сызбаларын құрастыру кезінде туындауы мүмкін. "Панорама" ГАЖ-дегі топографиялық түсірілім негізінде, жағдайдың және жер бедердің 2D және 3D-визуализациясын қоса алғанда, төңіректің цифрлық үлгісі құрылады.
Қала құрылысын аймақтарға бөлу — белгіленген аймақтарды қала құрылысы үшін қолдану түрлерін және оларға қойылған шектеулерді анықтай отырып, аумақтар мен қоныстардың дамуын қала құрылысында жоспарлау кезінде аумақты аймақтарға бөлу. Қала құрылысын аймақтарға бөлу, елді мекендердің аумағында жер телімдерін оңтайлы түрде қолдану үшін қажет. Қала құрылысын аймақтарға бөлу нәтижесі мен құжаты, жерге орналастыру және құрылыс салу ережелері болып табылады.
Ph.: +7 (495) 739-0245, +7 (925) 221-1603
www.gisinfo.ru | panorama@gisinfo.ru
119017, Россия, Москва, Пыжевский переулок, д. 5, стр. 3, этаж 2, офис 4
Copyright © Panorama Group 1991 - 2023
Құпиялылық саясаты